Атырау облысында «КамАЗ» көлігі пойызға соғылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында «КамАЗ» көлігі пойызға соғылып қалды

13.09.2018

Атырау облысы Аққыстау елді мекеніндегі теміржол өткелінде «КамАЗ» көлігі вагондарға соғылып қалды. Тіркемеде жүк тасымалдауға арналған 68 вагон тұрған. Келеңсіз жайт, өзге пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ. Бірақ, көлік жүргізушісі ауыр жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Оған дереу ота жасалды. 49 жастағы жүргізуші қазір жансақтау бөлімінде.  

Альмира Абдолова, Атырау облыстық ауруханасы директорының орынбасары:

- Алғашқы көмек көрсетіліп, операция жасалды. Операция көлемі жарақаттанған ішекті жалғап, қан тоқтатылды. Бүгінгі жағдайы операция көлеміне сәйкес, ауыр реанимация бөлімшесінде емін жалғастыруда.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу