Түркістан облысында өндірілетін өнеркәсіп өнімінің көлемі күрт төмендеп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында өндірілетін өнеркәсіп өнімінің көлемі күрт төмендеп кетті

13.09.2018

Былтыр өңірде 858 миллиард 458 миллион теңгенің өнімі шығарылған болса, биыл бұл көрсеткіш 3 есеге дейін азайған. Кәсіпкерлік индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының айтуынша, бұған облыс құрамынан Шымкент қаласының бөлініп шығуы себеп болған. Аймақтардың дербес мәртебеге ие болуы салдарынан бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеп келген  800 кәсіпорынның 500-дейі Шымкенттің аумағында қалып отыр. Яғни, тең жартысынан астамы. Сондай-ақ, өнеркәсіп өнімі көлемінің азаюына еліміздегі уран өнеркәсібі жұмысының тежелуі де себеп.

Ғанибет Әубәкіров, Түркістан облыстық Кәсіпкерлік және ИИД басқармасының басшысы:

- Өнеркәсіп кәсіпорындарының 60 пайызы Шымкент қаласына тиесілі болып, 40 пайызы Түркістан облысында қалды. Уран бағасын тұрақтандыру мақсатында Энергетика министрлігі жыл сайын 10 пайызға төмендетіп отыр. 2017 жылы 18 мың тоннадан артық уран өндірілсе, 2018 жылы 16 мың тонна өндіру көзделген.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу