«Егемен Қазақстан» газеті әлемдегі ірі басылымдардың бірі «Нью-Йорк таймс»-пен әріптестік орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Егемен Қазақстан» газеті әлемдегі ірі басылымдардың бірі «Нью-Йорк таймс»-пен әріптестік орнатты

12.09.2018

Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің төрағасы Дархан Қыдырәлі мәлім етті. Сондай-ақ, еліміздің бас басылымын енді Ресейдегі қандастырымыз да оқи алады. Ал көп ұзамай Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия қазақтары да қол жеткізуі тиіс. Жағымды жаңалықтар газеттің 100 жылдығы қарсаңында жарияланып отыр.

Сондай-ақ, Дархан Қыдырәлі былтыр бастаған «Егемен академиясының» жұмысы сәтті аяқталғанын жеткізді. Оның аясында министр, қоғам, мемлекет қайраткерлері, медиа тренерлер келіп, дәріс оқыған еді. Бұл жұмыс биыл да жалғаспақ. Газеттің оқырмандарына әзірлеп жатқан басқа да жаңашылдықтары бар екен.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу