Депутаттар Семейдегі әскери бөлімдерді аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар Семейдегі әскери бөлімдерді аралады

12.09.2018

Дариға Назарбаева бастаған бір топ сенатор Семейдегі әскери бөлімдерді аралап, «Семей Инжиниринг» кәсіпорнында болды. Олар алдымен әуе базасына тоқталып, соңғы үлгідегі әскери техникалардың жұмысымен танысты. Мәселен, шетелдік «Eurocopter» әмбебап тікұшақтары бірнеше жылдан бері өз елімізде құрастырылып келеді. Сынақ кезінде бұл техника мамандардың оң бағасын алған. Сонымен қатар, депутаттар брондалған техникаларды жөндеумен айналысатын кәсіпорын жұмысымен танысты. 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу