Жаңа жоба қолға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа жоба қолға алынды

12.09.2018

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қазақтілді аудиторияға қарапайым әрі жатық тілде түсіндіру мақсатында арнайы жоба қолға алынды. «QDigitalInform» жобасы аясында бүгін IT мамандықтарының ұстаздары мен студенттеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Астанадан бастау алған мұндай семинарлар жыл соңына дейін Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында өткізіледі. Нәтижесінде екі мыңнан астам адам толық ақпаратпен қамтылып, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының негізгі түсіндірушісіне айналады.

Сондай-ақ, бағдарлама қатысты қазақ тіліндегі мәліметтер мен мақалалар «Караван», «365info.kz» және «Jasqazaq.kz» сайттарына тұрақты түрде жарияланатын болады. 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу