Алдағы 7 жылда 12 мың шақырым жол ақылы болмақ

10.09.2018

Алдағы 7 жылда Қазақстанда 12 мың шақырымға жуық жол ақылы болады. Бұл туралы бүгін  Мәжілістегі Үкімет сағатында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты. Оның сөзінше, 2021 жылға дейін ақылы жолдарды 7 мың шақырымға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Ал, 2025 жылға қарай 12 мың шақырымға дейін жеткізілмек. Негізгі бағыт Алматы-Қорғас, Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай аралығын қамтымақ. Жүйе қыркүйек айында тестілік режимде іске қосылады.

Айта кетейік, ақылы жол біраз уақыттан бері Астана мен Бурабай аралығына да енгізілген еді.  Жыл сайын бұл учаскеден  1,5 млрд. теңге қаржы жиналуда.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу