Қазақстан мен Ресей ғалымдары бірлескен инновациялық жобаларды жүзеге асыруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресей ғалымдары бірлескен инновациялық жобаларды жүзеге асыруда

30.04.2014
Қазақстан мен Ресей ғалымдары бірлескен инновациялық жобаларды жүзеге асыруда
Қазақстан көрші елдермен қоян-қолтық ынтымақта. Әсіресе, Ресеймен сан салада бірлескен жобалары жетеді. Мәселен, білім-ғылым және жаңа технологияларды дамыту бағытында арнайы біріккен бағдарламасы бар.
 
Құжатқа сәйкес, құны 100 миллион АҚШ доллары болатын ортақ қор құрылды. Қомақты қаражат қос елдегі нанотехнологияны нәтижелі етуге арналған. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Ресей ғалымдары инновация игілігін көру үшін үздік ғылыми жобалар жасауда. Екеуара келісім өткен жылдан жүзеге асып келеді.
 
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу