Кәсіподақтар федерациясы байқау жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіподақтар федерациясы байқау жариялады

05.09.2018

«Еңбек адамы: Қазақстанның жаңа келбеті». Осындай атаумен еліміздің кәсіподақтар федерациясы байқау жариялады. Оған мемлекетіміздің әр аумағында жұмыс істеп жүрген адамдар қатыса алады. Еңбексүйгіштік идеясын насихаттау мақсатында жарияланып отырған конкурс «100 жаңа есім» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Яғни, ұстаз, дәрігер, жүргізуші, дәнекерлеуші сынды кез келген мамандық иесі өзін осы байқауға ұсына алады. Кейін  халықтың онлайн дауысы арқылы «Еңбек адамы» атауына ие болады. 

Бүгінде жұмысқа араласып жүрген көптеген азаматтың қажырлы қызметін халық біле бермейді. «Сондықтан, олардың елеулі еңбек жолы жұртшылыққа үлгі болуы керек», - дейді  кәсіподақ өкілдері.

Айта кетейік, бүгінде еліміздің кәсіподақтар федерациясында ел дамуына зор үлес қосып жүрген 2 миллионан астам мүше бар.    

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу