Қарағанды-Теміртау тас жолындағы апаттан екі адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды-Теміртау тас жолындағы апаттан екі адам қаза тапты

03.09.2018

Қарағанды мен Теміртау арасындағы күре жолда жантүршігерлік жол апаты болды. 4 бірдей көлік соғылып, екі адам қаза тапты. Ал төрт адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Куәгерлердің айтуынша, жылдамдықтың қатты болғандығы соншалық, көліктің қозғалтқышы бөлініп қалған. Ал, жүргізушісін темір жаншып тастаған. Жол сақшылары апаттың қалай болғанын анықтап жатыр. Көліктің бірі жолдың қарсы бетіне шығып кетуі мүмкін деген болжам бар. Жол апатынан бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі пайда болды.

Айжан Иса, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Екі адам қайтыс болды. Төрт адамның біреуіне қазір операция жасалып жатыр. Ол Теміртау қаласындағы орталық ауруханада. Ал, үш науқас Теміртау қаласындағы Мақажанов атындағы аурухананың филиалында жатыр. Барлығына медициналық көмек көрсетілуде.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.               

Хабарламаларға жазылу