Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстан облысын дамытуға арналған жоспармен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстан облысын дамытуға арналған жоспармен танысты

03.09.2018

Бүгін Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Өңірде тұрғызылып жатқан әлеуметтік нысандарды аралап, индустриалды аймақтың жұмысымен танысты. Үкімет басшысы алдымен «Оқушылар сарайын» көрді. Құрылысы былтыр басталған нысанның тек ішкі сылақ жұмыстары ғана қалған. Ғимарат 30 қыркүйекке дейін қолданысқа берілмек.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық саласын дамытуға бағытталған үш жылдық жоспармен танысты. Биыл 7 айда экономикалық өсім 107 пайыздан асқан. Импорт 9,4 процентке кеміп, экспорт 1,3 есеге өскен. Аграрлық салада биыл майлы дақылдардың  алқабы 36 пайызға ұлғайды. Кешенді жоспарға сай алдағы 3 жылда 170  миллиард теңге көлемінде инвестиция тарту көзделген. Бұл қаржыға машина-трактор паркі жаңартылып, зауыттар салынбақ.

Сәйкесінше, өңірде  2 мыңға тарта жұмыс орны ашылады. 180 адамды жұмыспен қамтып отырған  металлопластикалық бұйымдар шығаратын зауыт өндірісті арттырмақ. 

Евгений Ли, металл-пластикалық өнімдер зауытының директоры:

- Біз зауытымызда Қазақстандағы пленкалар мен полимерлерді жинап, қайта өңдеп, әзірлейміз. Ал, Бескөлде  түйіршіктерді өңдейтін өндірістік алаңымыз бар. Бұл жерде біз жаңа өнімдер шығарамыз.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ       

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.               

       

Хабарламаларға жазылу