Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі өтеді

27.08.2018

Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезіне әзірлік жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. Діни форум «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем жолында» тақырыбымен 10-11 қазанда Астанада өтеді. Қазірдің өзінде 74 делегат Сьезге қатысатындарын растады, форумның Қорытынды декларациясы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Съезд аясында «Астана - бейбітшілік дауысы» халықаралық фестивалі өтеді.

 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу