Қарағандыда қымбат көлікке қызығып, иесін өлтірген полицей 19 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда қымбат көлікке қызығып, иесін өлтірген полицей 19 жылға сотталды

27.08.2018

Ауданаралық сот тәртіп сақшысына осындай үкім шығарды. Естеріңізге сала кетейік, Теміртау қалалық Ішкі істер бөлімі Жол-патрульдік полициясының кіші сержанты Нұрсейіт Қалдыбаев «адам өлтіру», «ұрлық», «заңсыз қару алып жүру, сақтау, тасымалдау» секілді 3 бірдей баппен айыпталды. Тергеу мәліметінше, бұрынғы полицей жекеменшік көліктің иесімен сатып алушы ретінде кездесіп, оны базар маңында қызметтік тапаншасымен атып өлтірген. Сөйтіп, «Тойота-55» маркалы көлікті иемдеген. Нұрсейіт Қалдыбаев сол күні жұмыстан да сұранған. Ал, атылған оқтың орнына әріптесі үйінде заңсыз сақтаған қару оғын тапсырған. Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. 

Гүлбаршын Жітікова, Қарағанды облыстық сотының баспасөз хатшысы:

- Бұл қылмыстық істі алқа билер соты қарады. Алқа билердің көпшілігі сотталушыны кінәлі деп санаған. Сот 19 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу