Танымал жұлдыздар халыққа қызмет көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Танымал жұлдыздар халыққа қызмет көрсетті

24.08.2018

Бүгін Астана және Ақмола облыстарындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында эстрада жұлдыздары мен танымал жүргізушілер жұмыс істеп жатыр. Бұл өңірмен қоса, Алматы қаласында да осындай игі акция басталды. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын көрсету. Ел алдында жүрген әртістер арқылы халықпен араласу, оларға жәрдемдесу сынды жұмыстардың қыр-сырын ашу.

Сондай-ақ, жұлдыздарды тарту арқылы электрондық форматта атқарылатын жұмыстарды насихаттау. Акцияға қатысқандардың  ішінде Қыдырәлі Болманов, Құрмаш Маханов, Шахаризат сынды әншілер бар. Олар күні бойы келушілерге түрлі құжаттар алуға, оларды рәсімдеуге көмектеспек. Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 27 миллионнан астам қызмет көрсетілген. Оның 65 пайызы - сандық форматтағы қызметтер. 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу