«Protecting Business and Investments» жобасы іске асуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Protecting Business and Investments» жобасы іске асуда

24.08.2018

Бизнес пен инвестицияны сыбайлас жемқорлықтан қорғау. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Protecting Business and Investments» жобасы іске асуда. Еліміздің барлық аймақтарында осы жобаның фронт-кеңселері ашылды. Негізгі мақсат - сыбайлас жемқорлықты жоюдың озық механизмдерін қолдана отырып, бизнес саласына қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында инвестициялық жобаларды сыбайластықтан қорғау мақсатында жалпы сомасы 7 млрд. теңге құрайтын 8 келісімге қол қойылды.

Сергей Сергеев, кәсіпкер:

- Біздің компания медициналық қалдықтарды жоюмен айналысады. Бұл мәселе қазіргі таңда өзекті. Компаниямыз жас. Кәсібімізді одан әрі дамыту жолында белгілі бір әкімшілік тосқауылдарға тап болдық. Бұл біздің аталмыш жобаға қосылуымыздың басты себебі. Менің ойымша, жас кәсіпкерлерге бұл жобаның тигізер көмегі зор.

Айдана ДАЙЫРОВА

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу