Шымкентте тұңғыш рет бастауыш партия ұйымдарының аймақтық форумы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте тұңғыш рет бастауыш партия ұйымдарының аймақтық форумы өтіп жатыр

22.08.2018

Миллионнан астам мүшесі бар ұйым алдағы істеріне жоспар түзіп, атқарылған істерді саралады. Шара «Нұр Отан» партиясының жаңғыруы аясында жүзеге асты. Жиынға Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласынан ірі бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, аумақтық филиал төрағаларының орынбасарлары қатысуда. Түрлі секцияға бөлінген партия мүшелері сан саланы қамтыған сұрақтарға бірлесе жауап іздеді.

Сонымен қатар, танымал тренерлер  және саясаттанушылар «Сөз сөйлеу шеберлігі», «Саяси коммуникация» секілді маңызды тақырыптар бойынша тренингтер өткізді.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу