Алматы облысына келетін туристер саны артуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысына келетін туристер саны артуда

21.08.2018

Алматы облысына шетелден келетін туристердің саны жыл сайын артып келеді. Мысалы, 2017 жылы 1,5 миллион адамға қызмет көрсетілсе, биыл 2 млн-ға жуықтаған.

Мамандар әсіресе, «Қытайдан қыдырып келетін қонақтардың қарасы көп», дейді. Өйткені, Қытайдың Шэньси провинциясының тұрғындары шет елдерге көп шығады. Соның ішінде Ұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі мәдениетке ерекше қызығушылықпен қарайды екен. Сондықтан, екі елдің туризм басқармалары қазір екі жақты турлар ұйымдастырып, туристік компаниялардың бірігіп жұмыс істеуіне жағдай жасауда. Мәселен, биыл көктемде Алматы облысының туроператорлары Қытайдың Сиань қаласына арнайы барып, еліміздің туристік әлеуетін арттыратын мүмкіндіктермен танысып қайтқан.

Жанар Алшымбаева, Алматы облыстық Туризм басқармасының басшысы:

- Сиань қаласы Ұлы Жібек жолының бастауы деп айтылады. Ал, Алматы облысын осы жолдың Шығыс қақпасы деп айтамыз. Сол себептен, алдағы мақсатымыз - екі жақты ақпараттық турлар ұйымдастыру.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу