Жетісулықтар қасиетті Құрбан айт мерекесін ерекше тойлап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісулықтар қасиетті Құрбан айт мерекесін ерекше тойлап жатыр

21.08.2018

Биыл облыс орталығында тұңғыш рет мешітке жиналған жамағат арасында марафон, мал соятын қасапшылар арасында жарыстар ұйымдастырылды. Алматы облысы аумағындағы мешіттерде ат жарысынан, басқа да ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтіп жатыр.

Қуаныш Қанатұлы, тілші:

Алматы облысы мен Талдықорған қаласында Айт намазы сағат 07.00-ге белгіленген болатын. Қалың жұрт таңмен таласа жауған жаңбырға қарамастан, қаладағы мешіттерге көп жиналды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Талдықорған өңірінің өкілдігі биылғы Құрбан айт мерекесін ерекше атап өтпек ниетпен алғаш рет марафон ұйымдастырды.

Ардақ Нүсіпханұлы, ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы:

- Ең әуелі қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Өздеріңіз көргендей, Талдықорған қаласында үлкен марафон болды. Марафонның ұзақтығы 3 км. 800 метрді қамтыды. Қатысушылардың жас ерекшелігі 18 жастан жоғары болды. Бірақ, оған 63 жастағы қарияларға дейін қатысты. Оларды да марапаттайтын боламыз.

Құрбан айт мерекесіндегі басты рәсім - құрбандық шалу. Мешіттірдің жанында мал саудасы да қызып тұр. Ең арзан тоқты 20-25 мың теңге болса, қошқарлар 70 мың теңгеден саудалануда. Сондай-ақ, бүгін қалада қоғамдық көліктер мен такси жүргізушілері халыққа тегін қызмет көрсетіп жатыр.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу