Орал қаласында Айт мейрамына арналған мерекелік шаралар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал қаласында Айт мейрамына арналған мерекелік шаралар өтті

21.08.2018

Күллі мұсылман үшін қасиетті саналатын Құрбан айт мерекесі Жайық жерінде тағылымды шаралармен өрілуде. Бұл мейрамды жамағат ізгі ниетпен қарсы алып, бір-біріне жақсы тілектерін арнайды. Таңсәріден мешітке аяңдаған жұрт уәжіп амалы саналатын Айт намазына қатысты. Имам жиналған жұртшылыққа Құрбан айттың құндылығын жеткізіп, үш күнде қайырлы істерді атқаруға шақырды. Жағдайы келген азаматтарды құрбандық малын шалып, жоқ-жітіктер мен аз қамтылған отбасыларға таратуға үндеді. Сондай-ақ, бұл күні келушілерге бауырсақ пен көже тегін үлестірілді.

Демежан Меңдешев, медресе шәкірті:

- Мешіт бауырсақ пен көже үлестіріп жатыр. Оны Ақмешіттегі шәкірттер, ұстаздар ұйымдастырды. Көбі жастар. Мұқтаж жандарға көмектесу үшін «Жақсылық жасайық!» атты және тағы да басқа шаралар қолға алынады. Беріп жатқан садақаларыңыз, шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!

 

Назерке ТОҚЖАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу