Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев қызметінен кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев қызметінен кетті

17.08.2018

Жол апатына қатысты басы дауға қалған қала басшысына осыдан бірнеше күн бұрын облыс әкімі Даниал Ахметов «өз еркімен қызметтен кету туралы» ұсыныс айтқан болатын. Естеріңізге салсақ,  4 ай бұрын Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев 19 жастағы азаматты көлігімен қағып  мерт қылды. Сол кезде көлікте Қуат Тұмабаев та болған. Бірақ, ол бұл оқиға бойынша тек куәгер ретінде жауап берді. Десе де, облыс әкімінің пікірінше, қоғам назарын аударған келеңсіз жайттан соң Тұмаебаевтың қызметінде қалуға моральдық тұрғыда құқы жоқ.

Әлібек Тұрсымбетов, ШҚО әкімдігінінің баспасөз қызметкері:

- 13 тамыз күні Өскемен қаласының әкімі Қуат Мұхитұлы Тұмабаев жұмыстан босату туралы өтініш жазды. Қазір өтініш келісу рәсімдерінен өтіп жатыр.

 

Айдана ДАЙЫРОВА

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу