Маңғыстау облысының әкімі Каспий саммитін өткізуге атсалысқан ұйымдастырушыларға алғысын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысының әкімі Каспий саммитін өткізуге атсалысқан ұйымдастырушыларға алғысын айтты

15.08.2018

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Каспий маңы елдері басшыларының 5-ші саммитін өткізуге атсалысқан ұйымдастырушылар мен кәсіпкерлердің басын қосып, жиын өткізді. Кездесу кезінде облыс басшысы ұйымдастырушы топқа, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысын жеткізді. Әкімнің айтуынша, саммит аясында Ақтау қаласында 35 шақырым тас жол жөнделді. Сонымен қатар, 2 шақырым теңіз жағалауы абаттандырылып, басты көшелер көгалдандырылды. Алайда, арқаны кеңге салуға әлі ерте. Себебі, алда Ақтау қаласының 55 жылдық мерейтойы келе жатыр. Бұл маңызды шараны да абыроймен өткізу үшін осы бастан дайындалу қажет. 

Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі:

- Алдымызда үлкен жұмыстар тұр. Табалдырықты аттадық та, жаңа жұмыстарға кірісіп кеттік. Мен басқа жұмыстарға қатысты тапсырмалар бердім. Сондықтан, жұмысты одан әрі жалғастыруымыз керек. Елдің күтетіні де сол. Тағы да рахметімді айтамын.

 

Әсем САРТБАЕВА

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу