Семейде 3D форматтағы Шәкәрім сайты жұмыс істей бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде 3D форматтағы Шәкәрім сайты жұмыс істей бастады

15.08.2018

Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы ашқан сайттың адресі «Shakarim.kz». Интернет ресурс ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған. Онда шәкәрімтанушы ғалымдардың ғылыми-зерттеу еңбектері, мұражайдың кітапхана және ғылыми қоры пайдаланылған. Оқырмандар интернет-ресурс арқылы ақын жайлы жан-жақты ақпаратпен таныса алады. Поэмалар, публицистикасы және музыкалық мұрасының үлгілері де жүктелген. Сайтқа сонымен қатар, Шәкәрім өлеңдерінің желісі бойынша салынған суреттер орналастырылған. Жобаның тағы бір ерекшелігі – музейді 3D форматта виртуалды түрде аралап, ақын туралы жаңа деректермен және мұражай қорында сақталған сирек материалдармен танысуға болады. Сайттағы күнделікті оқырмандардың саны қазірдің өзінде мыңға жуық. 

Раушан Елекенова, Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының ғылыми қызметкері:

- Ғалымдарымыздың шығармалары, яғни, зерттеу мақалалары жаңадан қойылып отыр. Одан кейін үнемі жаңалықтар салынып отырады.

 

Е.ЖАҚЫП

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу