Қызылордада сапасыз қызмет көрсеткен емдеу мекемелеріне айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада сапасыз қызмет көрсеткен емдеу мекемелеріне айыппұл салынды

14.08.2018

Қызылордада сапасыз қызмет көрсеткен емдеу мекемелеріне 250 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өңірлік бөлімшесі биыл алғашқы жартыжылдықта 65 медициналық ұйыммен келісімшартқа қол қойған.

Осылайша, кепілдендірілген тегін медициналық көмектің аясында 44 мың науқасқа ем жасалған. Алайда, қор өкілдері арнайы мониторинг барысында бірқатар кемшіліктердің бар екенін анықтады. Мәселен, емханалар сау адамдарды емдеп, науқастарды тіркеу кезінде қателіктер жіберген. Осындай заң бұзушылықтардың ұзын-ырғасы 3 мыңнан асады.

Бақыт Исмаханбетов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры:

- Егер медициналық мекемелерде осындай ауытқушылықтар, заң бұзушылықтар әлдеқайда көп болатын болса, біз келісімшартты бұзып, ол мекемемен қош айтысуымыз мүмкін. 6 ай деген онша көп уақыт емес, сондықтан үлкен кемшілік жіберіп, келісімшарты бұзылайын деп тұрған немесе материалдарын басқа құзыретті органдарға жіберейін деп тұрған мекеме жоқ.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу