Хасан Рухани 5 жақты келісімде қауіпсіздік мәселесіне баса назар аударылғандығын алға тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хасан Рухани 5 жақты келісімде қауіпсіздік мәселесіне баса назар аударылғандығын алға тартты

12.08.2018

Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани 5 жақты келісімде қауіпсіздік мәселесіне баса назар аударылғандығын алға тартты. Мәселен, аймақтағы мәселелерге өзге елдердің әскери құрылымдары араласа алмайды. Сондай-ақ, ол бүгінгі қабылданып отырған конвенцияда назардан тыс қалып қойған мәселелер болса, 5 елдің арасында қосымша келісімдер арқылы реттелуі керектігін айтты. «Бүгінгі күні Каспий достық пен сыйластықтың, ынтымақтастық пен әріптестіктің ортасы ретінде қалыптасты. Осы үрдісті жалғастыру үшін біз бар мүмкіндікті пайдалануға тиіспіз», - деді ол.  

Хасан Рухани, Иран Ислам Республикасының Президенті:

- Каспий теңізі 5 мемлекетке ғана тиесілі. Кез келген әскери базаның құрылысы, әскери кемелердің жүруі, су асты кемелерінің қозғалысы, әскери ұшақтардың теңіз үстімен ұшып өтуі, тіпті, өзге елдің жүгі тиелген кемелердің өтуіне тыйым салынады. Бұл қауіпсіздік сақталуының кепілі екендігі сөзсіз.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу