Астанада еліміздің бір топ құрылысшылары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада еліміздің бір топ құрылысшылары марапатталды

09.08.2018

Осыдан 60 жыл бұрын тамыздың екінші аптасында Құрылысшылар күнін атап өту жайлы шешім қабылданды. Содан бері төл мереке тұрақты тойланып келеді. Кәсіби мейрамға орай, сала үздіктері құрметке бөленді. «Құрметті құрылысшы», «Құрметті жолшы» төсбелгілері мен Құрмет грамотасы, Алғыс хат табыс етілді. Айта кетейік, тек өткен жылы ел бойынша 11 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды. Нәтижесінде 10 мыңнан аса отбасы баспаналы болды. 

Арман Әбдуашұлы, құрылысшы:

- Астанада құрылыс салуды бастадым. Алғашқы Президент сарайының құрылысына қатыстым. Содан бері 20 жылдан асты.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу