ШҚО-да көмір екі есеге қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да көмір екі есеге қымбаттады

07.08.2018

Шығыс Қазақстан облысында көмірдің бағасы екі есеге қымбаттап кетті. Алыпсатарлар шалғай аудандарда көмірдің тоннасын 17-18 мың теңгеге саудалауда. Ал, облыс орталығы Өскеменде қатты отынның тоннасы әзірге 8800 теңге. Биыл өңір тұрғындары қысқа дайындықты ерте бастады. Отынға сұраныс жоғары болғандықтан, көмірді үйге дейін жеткізіп беретін кәсіпкерлер де бағаны аспандатып жіберген. Олар бағаның көтерілуін жол шығындарымен байланыстырады. Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Өскемен мен Семей қалаларында қатты отынға қатысты проблема жоқ деп сендірді. Ал, шалғай аудандарда  көмірдің бағасын реттеуге құзыреттері жоқ көрінеді. 

Мұрат Мұсатаев, облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:

- «17-18 мың теңгеге аласыңдар ма?», дейді. Көмір жоқ дегеннен кейін қазір елдің бәрі алып жатыр. Ал, сіздер арқылы көмір бар, асықпай аласыздар, баға тұрақты болады, өспейді деп жеткізетін болсақ, онда әркім өз жоспарымен ала бастайды.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу