Қызылордада жыл басынан бері 5 мемлекеттік қызметші жұмыстан шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жыл басынан бері 5 мемлекеттік қызметші жұмыстан шығарылды

07.08.2018

Оның екеуі сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, заң бұзса, екеуі тәртіптік теріс қылық көрсеткен. Ал, бір қызметші ешқандай себепсіз 3 сағаттан астам уақыт жұмыста болмаған. Сондай-ақ, мемлекетік қызметке үміткерлердің тест тапсыру деңгейі төмен. Биыл бірінші жарты жылдықта іріктеудің алғашқы деңгейіне 1414 адам қатысып, соның 515-і ғана шекті мәннен жоғары нәтижеге ие болған. Яғни, тест тапсырушылардың үштен бірі ғана білімін дәлелдеген.

Абзал Мұхимов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы:

- Мемлекеттік қызметке өтуші үміткерге қойылатын бірінші талап оның заңдық-нормативтік актілерді білу деңгейі және оның құқықтық сауаттылығының жоғары болуы. Қазір 34 пайыз көлемінде тұр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға төмен. Дегенмен де, құқық қорғау саласы бойынша тест тапсырған азаматтардың тесттен өту деңгейі жылдан-жылға жоғарылап келе жатыр. Яғни, 48 пайыздан асып отыр.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу