Қазақстандық әскерилер Армия халықаралық ойындарына қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық әскерилер Армия халықаралық ойындарына қатысады

31.07.2018

Негізгі сайыста 28 сынақ болса біздің жауынгерлер соның 14-інде бақ сынайды. Қазақстан Қарулы командалары құрамында 300-ге жуық әскери қызметші бар. Сайысқа Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясының сарбаздары қатысады. Қатысушылар күрделі және көпдеңгейлі іріктеуден өтті. Бірнеше ай бойы «Астана», «Оңтүстік», «Батыс», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының үздік әскери қызметшілері іріктелді. Олар енді өз елдері мен Қарулы Күштердің намысын қорғайды.

Қазақстан Республикасы аумағында «АрХО-2018» шеңберінде мынадай халықаралық байқаулар өтеді. Оның ішінде «Артиллериялық оқ ату шеберлері», әскери байланысшылардың «Сенімді айла-тәсіл» байқауы және ұшқышсыз ұшу аппараттарының «Сұңқардың аңшылығы» сайысы өтеді. Қазақстандағы ойындардың салтанатты ашылу рәсімі 1-ші тамызда. Сайыс 9-шы тамызда аяқталады. Қазір сарбаздар жаттығуларын шыңдауда. 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу