Астанада жол жүру ақысының жыры бітер емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жол жүру ақысының жыры бітер емес

31.07.2018

Тұрғындар басында бағаның қымбаттайтынын айтып дүрліксе, ендігі дау-дамай төлем картасын пайдалануға қатысты жақында енгізілген ереже айналасында туындап отыр. Жолаушылар сараланған тарифке сын тақса, оны ұсынған компания жүйеде ешбір шикілік жоқ,-деп сендіреді.

Картаны қолдану қолайлы шығар. Бірақ, бәрі бірдей жаңа жүйені жақтай қоймады. Өйткені, сараланған тариф енгізілгелі кондукторлардың көңіл-күйі жоқ. 

Сараланған тариф енгенге дейін картаны пайдаланушылар 40 пайыз болған. Қазір 87-ге жетіп, 340 мың жолаушы қолданады. Әрине, автобусқа мініп такси құнына жете қабыл төлемес үшін жұрт карта алады. 

Нұржан Мақұлбеков, автобус жүргізушісі:

- Бірақ, адамдардан шағым көп. Өйткені, карточкаға ақша түспейді дейді.

Әр мәселеге рет-ретімен тоқталайық. Дәурен Нұрәлиев қоғамдық көліктегі төлем жүйелерін басқарады. Ол картаны толтырудың екі жолын айтты. Бірінші мамандандырылған. Яғни, ақша компания кассаларынан аударылса сол мезетте-ақ түседі. Ал егер қашықтан, яғни, терминалдар мен электронды әмияндар арқылы жүктелсе күту керек. «Бір немесе екі тәулікте қаржы картаға міндетті түрде құйылады»,-дейді.

«Автобусқа ауысып отыру уақытында да проблема жоқ»,-дейді мамандар. Тек бәзбіреулер халықты шатастырып жүргенге ұқсайды. Яғни, қоғамдық көлікке 1 сағаттың көлемінде ауысып мінсе жол жүру тегін болады. Ал жарты сағат,-дегендері жалған. Жалпы, осы мәселелерге қатысты 130-ға жуық шағым түскен. Бірақ, қызметкерлер кінәрат таппапты. «Керісінше, қулыққа салғысы келетіндер көп»,-дейді.

Айбек Сыздықов, кондуктор:

- Чекте 24 сағаттан кейін, біреулерінде 12 сағаттан кейін түседі,-деп жазып қойған. Ал, біз соны түсіндіріп айтып береміз. Біреулер 3-4 күн жүреді, біреулер 5 күн жүреді. Біреулер 1,5 күн жүреді.

Жолаушылар төлем картасына түгел көшкенде кондукторлар автобустан түседі. Әзірге олар жұртшылыққа сараланған тариф туралы кеңес беріп жүр. Ал жаңа жүйенің енгеніне 10 күн өтті. Содан бері көпшілікте күдік болса, мамандарда үміт басым.

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу