Атыраулық 250 оқушы Астанаға саяхаттамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраулық 250 оқушы Астанаға саяхаттамақ

27.07.2018

Бүгінде олардың жүзі жолға шықты. Аталмыш сапар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Менің отаным-Қазақстан» жобасын жүзеге асыруға бағытталған. Экскурсияны Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы ұйымдастырды. Оқушылар бас қаланың сәулетті ғимараттарын аралап, тарихи-мәдени орындарға барады.

Сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» кешенінде болып, жасыл энергия көздерімен жақынырақ таныспақ. Бұл сапар оқушылардың мектеп бағдарламасындағы химия, биология, жаратылыстану пәндеріндегі теорияларды тәжірибеге алмастырып, ғылыми қабілеттерін дамытуына мүмкіндік ашпақ.  

Виктория Викторова, оқушы:

- Астанаға бұрын барып көрген жоқпын. Тамаша көңіл-күйде тұрмын. Астана мен үшін ертегілегідей қала. Астанаға баруға асықпын.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу