Ақтөбе облысында болған автобус өртіне қатысты алғашқы сот отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында болған автобус өртіне қатысты алғашқы сот отырысы өтті

24.07.2018

Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық сотында 52 адам тірідей өртеніп кеткен автобус ісіне қатысты алғашқы сот отырысы басталды. Қайғылы оқиға биыл 18 қаңтар күні Ырғыз ауданының Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде болған еді. Өрт кезінде үш жүргізуші мен екі жолаушы ғана аман қалған. Жүргізушілер қамауға алынып, оларға көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзды және жалған құжат жасады деген айып тағылған. Ал, автобустың иесіне халықаралық іздеу жарияланды. Естеріңізге сала кетсек, автобус жүргізушілері дәнекерлеуші шамның көмегімен көлік салонын жылытқан көрінеді. Осы оқиғаға қатысты тергеу шаралары жарты жылға созылып, енді міне іс сотқа жетті.

Хабарламаларға жазылу