Кентауда полиметалл және барит рудалары қайта өндіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кентауда полиметалл және барит рудалары қайта өндіріледі

18.07.2018

Кентаудағы индустриалды аймақта 8 жобаны іске асыру жоспарланған. Қазір екеуі толық қуатында жұмыс істейді. Келешекте полиметалл және барит рудаларын қайта өңдеу, өңдіру жұмыстары қолға алынбақ. Мәжіліс депутаты Сапархан Омаров қаладағы «Юг-Электропривод» серіктестігінде болып, кәсіпорын жұмысымен танысты. Өндіріс орны шаһардағы индустриалды аймақта орналасқан. 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Негізгі өндіріс ток және кернеу трансформаторларын шығарады. Моноқаланың 50 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалақысын уақытылы алады. Депутат зауыт жұмысына оң баға берді.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу