Мәжіліс депутаттары Ақтөбе облысының Родниковка ауылының тұрғындарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары Ақтөбе облысының Родниковка ауылының тұрғындарымен кездесті

17.07.2018

Елбасының бес әлеуметтік бастамасын түсіндіруді мақсат еткен Мәжіліс депутаттары Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына қарасты Родниковка ауылының тұрғындарымен кездесті. Облыс орталығынан 40 шақырым жердегі бұл ауылдың жағдайы соңғы жылдары түзеле түскен. Елді мекенде қажетті әлеуметтік нысандар жұмыс істеп тұр. Көгілдір отын да бар. Кездесуде тұрғындар ауызсу және электр энергиясына қатысты сұрақтарын қойды. Халық қалаулылары бұл мәселелерді бақылауға аламыз деп уәде берді.  

Глеб Щегельский,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Депутаттардан құралған біздің топ Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында болуды жоспарлады. Кеше осы өңірдегі Қобда ауданында болсақ, енді міне Мәртөктің аумағындамыз. Барлық елді мекендерде жаңа нысандар соның ішінде уақыт талабына сай мектептер салынған. Бұл да Президент тапсырмаларының жергілікті жерлерде орындалып жатқанын көрсетеді. Оған қоса қазір Елбасының әлеуметтік бастамалары да жүзеге асуда.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу