СҚО-дағы Аққайың ауданының 90 жылдығы тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-дағы Аққайың ауданының 90 жылдығы тойланды

16.07.2018

Смирнов ауылындағы стадион алаңында ұлттық көрме ұйымдастырылып, оған жергілікті шеберлердің бұйымдары қойылды. Спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Боз кілемде белдескен палуандарға бағалы сыйлықтар үлестірілді. Сонымен қатар, мереке күні бірқатар тұлғаларға ауданның «Құрметті азаматы» атағы берілді. Олардың қатарында 20 жылдан астам туған ауылына еңбегін сіңірген Біржан Шәймерденов те бар. Дайындық ауылын орталық жылу жүйесіне қосып, әр үйге су кіргізіп берген іскер азаматқа бұл күні 3 дәрежелі «Еңбек даңқы» медалі де табысталды.

Біржан Шәймерденов, «Дайындық» ЖШС директоры:

- Жол түзелді, мектеп жөнделді, мешіт, медпункт салынды. Осындай жұмыстар атқарып жатырмыз. 90 жылдық мерейтоймен құттықтаймын. Әлі де атқарылатын жұмыстар көп. Еліміз көркейіп келе жатыр. Оған біздің де көп үлесіміз қосылады деп ойлаймын.

Хабарламаларға жазылу