Қызылорда облысында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ауыл шаруашылығы саласында құқықбұзушылық көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ауыл шаруашылығы саласында құқықбұзушылық көп

12.07.2018

Қызылорда облысында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша  ауыл шаруашылығы саласында  ең көп әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берілген. Бір айдың өзінде 4 лауазымды тұлғаға қатысты 6 әкімшілік хаттама  толтырылды. 

Мәселен,  Қармақшы аудандық аумақтық инспекция басшысының міндетін атқарушы карантинге жатқызылатын өнімді республика аумағында тасуға карантиндік сертификат беру мерзімі мен тәртібін  бұзған. 

Ғалымжан Ілкібаев,  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басқарма  басшысы:

Инспекция  басшысының міндетін атқарушыға 33 670 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек, Жалағаш аудандық ветеринарлық станциясы қызметкерлері тарапынан құқықбұзушылықтарға жол бергендері үшін жалпы сомасы 151 515 теңгеге айыппұл салынды.  

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу