Сүт өңдеу мәселесін қолға алу қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сүт өңдеу мәселесін қолға алу қажет

11.07.2018

Ауыл шаруашылығында тек ет өнімдерін ғана емес, сүтті өңдеу мәселесін де жолға қою қажет. Ірі сүт өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін отбасылық шағын фермаларды дамытуды қолға алған дұрыс. Жамбыл облысына барған Мәжіліс депутаты Қожахан Жабағиев өңірдегі өндіріс орындарын аралап, кәсіпкерлердің түйткілді мәселесін тыңдады. Мәселен, Жуалы ауданындағы «Бурное сүт компаниясы» бүгінде жалпы қуаттылығының жартысын ғана пайдалануда. Өнім сапалы, сұраныс-жоғары болғанымен, компанияның толық қуатпен жұмыс істеуіне кедергі көп.  Сүт өткізетін жеке тұрғындар кәсіпорынды шикізатпен тұрақты қамтамасыз ете алмайды. Өйткені, нарық бағасына қарай олар өнімін қайда өткізетіндерін өздері шешеді. Іргесі 70 жыл бұрын қаланған ғимараттар  ескірген. Қондырғылар мен тарифтің қымбаттығы да өндіріс орынының қуатын толық пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. 

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ    

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу