Шетелдегі ұлы Өскемендегі әкесін сотқа берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдегі ұлы Өскемендегі әкесін сотқа берді

11.07.2018

Ирландияда білім алып жатқан ұлы әкесін сотқа берді. Жасөспірім жасынан асып кеткен азаматтың талабы бойынша шетелде алған біліміне әкесі ақы төлеуі тиіс. Сотқа арызданған Эдуард Ханжаров Ұлыбритания корольдігі, Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында білім алып жатыр. Оның оқуы 2018 жылы 30 маусымда аяқталған.

Ал, алиментті өндіру туралы арыз сотқа мамыр айында түскен. Алайда, Эдуард Ханжаровтың әкесі талап етілген қаражатты төлеуден бас тартуда. Оның өз уәжі бар. Айтуынша, ұлының шетелде емес, өз елінде де оқуына болар еді. Бұған дейін алимент уақтылы әрі талап бойынша төленіп келген. Өскемен қалалық сотында аталған істің әлі шешімі шыққан жоқ.

Айдана ДАЙЫРОВА

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу