Биыл алты айда Қазақстан экономикасы 4,1 пайыздық өсім көрсеткен

10.07.2018

Дегенмен, бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда біршама төмен. Бүгін Үкіметте алты айдың әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері қорытындыланды. Бұл тақырыпта Ұлттық экономика министрі баяндама жасады. Осылайша, жыл басынан бері инфляция 2,6 % құраған. Ұлттық қордағы активтер 1,5% артқан. Тау-кен өндірісі де 5,5% өскен. Бұған «Қашаған» кен орнындағы мұнай өндіру көлемінің артқаны сеп болған. Өсім көрсеткен салалардың ішінде ауыл шаруашылығы (4%), оның ішінде мал шаруашылығы 4,2% өсім көрсеткен. Ақсап тұрған өңірлерде жоқ емес. Мысалы, өндіріс саласында Батыс Қазақстан облысында - 1,4 пайыз , Түркістан облысында 3,9%  пайыз, Қызылорда облысында - 4,7 пайыз кері көрсеткіш қалыптасқан. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Ағымдағы жылдың басынан бері 178,7 мың адам жұмысқа орналастырылды. Ағымдағы жылдың мамырында жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалды. Еңбекақы қалыпты қарқынмен өсуде. Биылғы қаңтар-мамырда орташа айлық жалақы 152,8 мың тг. құрады және нақты мәнінде 0,8 процентке өсті.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу