Қызылордадағы күкірт қышқылы зауыты арзан электр энергиясымен қамтамасыз етуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордадағы күкірт қышқылы зауыты арзан электр энергиясымен қамтамасыз етуде

10.07.2018

Қызылорда облысындағы күкірт қышқылы зауыты өндіріс кезінде шығатын будан сағатына 18 мВт электр энергиясын алады. Соның арқасында зауыт қана емес, Жаңақорған ауданы да арзан жарықпен қамтылып отыр. Қызылордаға барған Мәжіліс депутаттары зауыт жұмысымен танысып, жұмысшылармен кездесті. Озық технологияларды қолданатын кәсіпорын тәулігіне 1500, жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын өндіреді. Мұнда 277 адам жұмыс істейді. Оның 65 пайызы жергілікті тұрғындар.  

Сәбит Дауылбаев, күкірт қышқылы цехының меңгерушісі:

- 2012 жылдан бері жұмыс істеймін. Қатардағы жұмысшы болып бастағанмын, қазір күкірт қышқылы цехының басшысымын. Зауытта замануи құрылғылар орналастырылған, толық автоматтандырылған. Техникалық қауіпсіздік, технологиялық ережелерді сақтаса жеткілікті.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу