Тәуелсіз операторлардың жұмысы жанданбақ

24.04.2014
Тәуелсіз операторлардың жұмысы жанданбақ
Елімізде уәкілетті экономикалық операторлардың жұмысы жетілдіріледі. Бүгін тәуелсіз операторлар пен Кедендік бақылау комитеті өзара түсіністік пен ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
 
Соған сәйкес, алдағы уақытта кәсіпкерлердің тауар жеткізудегі қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, кеден органдары мен бизнес өкілдерінің арасындағы байланыс артады. Құжат рәсімдеу жеңілдеп, әкімшілік кедергілер қысқарады.
 
Қазір Кеден одағының аясында елімізде уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алған 69 заңды тұлға бар. Олар кеден заңнамасымен бекітілген арнайы жеңілдіктерді пайдаланады. Аталған оңтайландыру жұмыстары уақыт шығындарын төмендетіп, айналымдағы қаражатты көбейтуге мүмкіндік бермек.
 
Ғұсман Әмрин, ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы:
Дүниежүзіндегі пайдалы, тиімді істің бірі. Жалпы мынау қалай сыртқы байланысты дұрыс жолға салу, ол тек осы уәкілетті экономикалық операторлар болуы керек деп шешіледі. Оны біз де қолдап жатырмыз. Бүгінгі тенденцияны кәсіпкерлер де түсініп отыр. Ашық таза жұмыс болмаса, үлкен нәтиже де, беделі де болмайды.
 
 
Айгүл ЕРМАХАН
 

Хабарламаларға жазылу