2020 жылға дейін Астанаға келетін туристер саны 1,5 млннан асуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылға дейін Астанаға келетін туристер саны 1,5 млннан асуы мүмкін

04.07.2018

Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің өкілдері хабарлады. Мамандардың айтуынша, 2016 жылдан бері елордаға қызығушылық танытқан қонақтар саны 700 мыңнан асады. Енді бұл көрсеткішті екі есеге ұлғайту көзделіп отыр. Қазіргі уақытта бірыңғай туристік бренд пен «Welkome to  Astana» атты жүйе құрылып, туризмді  дамытудың стратегиясы әзірленген. Қала туралы мәліметтер көпшілікке қолжетімді болу үшін 140 бағдар мен 100-ден аса ақпарат жазылған бағаналар орнатылған. Ескерткіштер, тарихи-мәдени нысандармен танысу үшін «izi.travel» халықаралық интернет-платформалы аудиоэкскурсия жобасы енгізілді. Онда 46  нысан туралы ақпаратты ана тілмен қоса, орыс, ағылшын, түрік , неміс, қытай тілдерінде алуға болады. 

Жалғас Балғожин, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің басқарма басшысы:

- Жалпы, ең алдымен Астананы іскерлік туризм ретінде қарастырамыз. Себебі, ең бірінші Астанада халықаралық конгрестер, халықаралық көрмелерді өткізу, қалалық туризм мен медициналық туризмды дамытудың мүмкіндігі бар. Сол себептен, Астана ең біріншіден осындай туризмнің түріне бейім.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу