Күннің ысуына байланысты Атырауда электр энергиясының тапшылығы сезілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күннің ысуына байланысты Атырауда электр энергиясының тапшылығы сезілуде

04.07.2018

Ауа температурасының көтеріліп, Күннің күрт ысуына байланысты Атырауда электр энергиясының тапшылығы сезілуде. Яғни, тұрғындар кондиционерлерді көптеп қолданған соң тоқтың қуаты жетпей, жарық өшіп қалып жатыр. Кешелі бері облыс орталығы мен кейбір аудандарда әлсін-әлсін жарық сөніп, жергілікті халық әбігерге түсті. Осы мәселеге байланысты жауапты мекеме өкілдері арнайы брифинг өткізді. Мамандардың айтуынша, жылу электр орталығы қауырт режимде жұмыс істеп тұр. Тек аптап ыстық салдарынан электр энергиясына деген тапшылық 140 мгвт-қа жеткен. Жарық әлі де ара-тұра өшіп қалуы мүмкін. Мәселені шешу үшін қосымша алпауыт компаниялармен және көрші облыстармен келіссөздер жүргізілуде.

Айвар Рахманов, «Атырау ЖЭО» президенті:

- Біріншіден, Күннің ыстығы, екіншіден, тұрғындардың тоқ көзін көп пайдалануы болып отыр. Барынша ретке келтіруге тырысып жатырмыз. Тұрғындарды электр энергиясын барынша үнемдеп қолдануға шақырамыз.

 

Индира МЕРЕКЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу