Алматы облысында метан газына уланып қайтыс болған азаматтардың екеуі сантехник, біреуі дәрігер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында метан газына уланып қайтыс болған азаматтардың екеуі сантехник, біреуі дәрігер

03.07.2018

Алматы облысының Шелек ауылдық ауруханасында 3 адам метан газына уланып мерт болды. Емдеу мекемесінің кәріз жүйесін жөндемек болған жұмысшылардың бірі шұңқырға құлап кетіп, тұншыға бастаған. Оған көмектесемін деген 3 азамат та оқиға орнында улы газдан есінен танып қалған. Көмекке келген құтқарушылар бәрін сыртқа шығарғанымен, тағы бір азамат оқиға орнында жантәсілім етті. Ал, ауруханаға жеткізілген екі адамның бірін дәрігерлер құтқара алмады. Қазір бір адам жансақтау бөлімінде жатыр. Қайтыс болған азаматтардың екеуі сантехник, біреуі 34 жастағы травматолог-дәрігер. 

Азамат Жұртбаев, Алматы облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

- Аталған оқиға 2 шілде күні Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылдық ауруханасында болды. Біздің қызметкерлер оқиға орнына 9 минутта жетіп, арнайы костюмдар мен маскаларын киіп, адамдарға көмек көрсетті. Алдын ала болжам бойынша қауіпсіздік шаралары сақталмаған.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу