Жаңа инвестициялық климат таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа инвестициялық климат таныстырылды

03.07.2018

«Қазақстан сіздердің бизнестеріңіз үшін  қолайлы мемлекет». Шетелдік инвестиция мәселесіне арналған халықаралық форумда Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев осылай деді.  Екінші рет ұйымдастырылған шараның панельдік отырысына қатысқан Үкімет басшысы елдегі инвестициялық климаттың  жақсарту бағытындағы жаңа реформалар жайлы айтып берді. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті кеңейтуге арналған жаңа құқықтық құжаттар туралы да хабардар етті.

Айта кету керек, өткен айда Президент жария түрде жаңа заңға қол қойды. Онда әкімшілік кедергілерді азайтып, кәсіпті кеңейтуге мүмкіндіктер беретін 1000-нан астам өзгертулер қамтылғанын айтты. Форумда инвесторларға жаңа мүмкіндіктер егжей-тегжей түсіндірілді. Шараға 600-ден астам инвестор қатысып, 30-дан астам меморандумдарға қол қойылды. Оның ішінде Еуропа елдері мен Біріккен Араб Әмірліктері және Қытай кәсіпкерлерімен бірлескен жобалар бар.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу