Кеген-Сарыжаз-Нарынқол тас жолындағы жол апатынан 5 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеген-Сарыжаз-Нарынқол тас жолындағы жол апатынан 5 адам көз жұмды

03.07.2018

Алматы облысындағы Кеген-Сарыжаз-Нарынқол тас жолында бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан екі көлік соқтығысып, 5 адам тіл тартпастан кетті. Тағы 7 адам әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Арасында 8 айлық бала да бар. Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы қатты нөсер салдарынан болған. Екі жүргізуші бір-бірін көрмей қалды деген болжам бар. Қазір жол апаты бойынша құзырлы органдар тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Көбейхан Нұрахмет, Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі:

- Қазіргі кезде осы Райымбек ауданындағы жол апаты бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес 4-ші бөлімімен қылмыстық іс қозғалған. Іс облыстық анықтау басқармасының өндірісінде. Сондай-ақ, Ішкі істер департаменті басшылығының қадағалауына алынды.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу