Көкшетауда балаларға арналған технопарк ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда балаларға арналған технопарк ашылды

03.07.2018

«Кванториум» деп аталатын орталық бес бағыт бойынша жұмыс істейді. Оқушылар бастапқы техникалық үлгілеу, робототехника, бағдарлау негіздері, 3D үлгілеу және аэро-судо үйірмелеріне бара алады. Технопарк жұмысына балалардың қызығушылығы жоғары. Демалыс уақытына қарамастан, шамамен 600 оқушы осында жазылыпты. Үйірме қатысушыларының саны алдағы уақытта әлі де ұлғаймақ. Технопарк қаланың орталығында орналасқан, яғни, балаларға да, ата-аналарға да қолайлы. 

Марал Кәрімова, Балалар технопаркінің әдіскері:

- Балалар технопаркі қосымша білім берудің жаңа тәсілі. Орталыққа бір мыңнан астам бала келе алады. Біз тегін қызмет көрсетеміз. Қажетті мамандармен толық қамтылғанбыз. Бұл технопарк балалардың техникалық мамандықтарға, ғылымға бейімделуіне өз септігін тигізеді деп ойлаймын.    

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу