Түркістанда экологиялық қалашық салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда экологиялық қалашық салынады

02.07.2018

Оңтүстік Корея мемлекеті Инчхон Ұлттық Университетінің құрметті профессоры, Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг бастаған делегация Түркістан қаласында бірқатар экологиялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі. Өңір басшысымен болған кездесуде Түркістан аймағында экоқалаларды құру және аймақты энергиямен жабдықтау жайы сөз болды. Сондай-ақ, энергияны ұзақ қашықтыққа экспорттауға бағытталған «Жасыл» энергетика саласындағы жаһандық жобалар талқыланды. Сапар барысында оңтүстіккореялық серіктестер қатты қалдықтардың морфологиясын зерттеуге қызығушылық танытты. Жалпы, өңірдің орталығы болған Түркістан қаласында бүгінгі таңда инфрақұрылымдық жобаларды жеделдетіп дамыту қажеттігі туындап отыр. Туристік әлеуетке ие аймаққа инвестиция тарту дұрыс ұйымдастырылса, Түркістан болашақта Орта Азиядағы қарқынды дамуға бет алған бірегей қалаға айналмақ. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу