Назарбаев Университетінде жапониялық тас бағы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев Университетінде жапониялық тас бағы ашылды

29.06.2018

Назарбаев Университетінің аумағында Шығыс мәдени орталығы мен шыны ғимарат ашылды. Біріншісі, Жапон елінің сәулеті негізінде салынған. Нысанның артықшылығы сол, кең зал және ашық түсті алаңнан тұрады. Тас бағы жапондықтар түсінігінде беріктік пен тұрақтылықтың нышаны саналады. «Енді бұл түрлі кештер өткізуге қолайлы орын болмақ», - деді оқу ордасының президенті Шигео Катсу. Ал, Жапонияның Қазақстандағы елшісі Ичиро Кавабата ғимараттың мәдениетаралық байланысты нығайтуға септігі зор екенін жеткізді. Екінші архитектуралық нысан Пирамида үлгісімен бой көтерген. Павильон екі қабатты. Музейі, конференц залы бар.

Хадиша Даирова, Назарбаев Университеті президентінің орынбасары:

- Жапон халқының мәдениетін шынайы жеткізу үшін сол елдің танымал бағбаны бақты жанын салып ашып, бізге аманатпен табыстап барады. Ол күтіп ұстауымызды сұрады. Бұл тек университет аумағындағы ғана емес, Астанадағы көрікті нысан болары сөзсіз. Жалпы, қаламыз кезінде де Ұлы Жібек жолының ортасында орналасқан әрі ел мәдениеті түйіскен мекен еді. Ал, қазір жаһандық орталыққа айналып отыр.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу