Үшінші сессияда 84 заң қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үшінші сессияда 84 заң қабылданды

28.06.2018

Сенат үшінші сессиясының жұмысын қорытындылады. Елбасының Жолдауы және халықтың әл-ауқатын көздейтін Бес әлеуметтік бастамасынан туындайтын ауқымды міндеттерді жүзеге асыру барысында Парламент 84 заң қабылдады. Жалпы, сессия барысында 101 депутаттық сауал жолданды. Бұдан бөлек, Сенаттың тұрақты комитеттері өткізген 23 көшпелі отырыс, 14 дөңгелдек үстел, 19 кездесу аясында заңдардың және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы барысы талқыланды. Енді жаз айларында сенаторлар өңірлерде халықпен кездеседі, қабылданған заңдар мен мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіреді.

 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу