Биыл елімізде 35 мың автокөлік құрастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елімізде 35 мың автокөлік құрастырылады

28.06.2018

Бұл былтырғымен салыстырғанда 15 мыңға көп. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері хабарлады. Сондай-ақ, былтыр Қазақстан алғаш рет көлік экспорттай бастаған. Дәлірек айтсақ, Қытайға 1500 автокөлік экспортталған. Бұдан бөлек, ішкі нарықты қолдау үшін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жалғасатын болады. Жиында машина жасау саласының өзге де жетістіктері туралы айтылды. Мысалы, «Қайнар» аккумулятор зауыты өз өнімін шет мемлекеттерге экспорттай бастаса, отандық «Аллагеум электрик» компаниясы Солтүстік Қазақстан облысынан 4-ші трансформатор зауытын салуға кіріскен.

Алмас Батанов, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің комитет төрағасы:

- 2018 жылдың басында 10 млрд. теңге бөлінді. Оның алдында да бөлінген. Барлығын айтқанда, өткен жылдардан қайта түскендерді қосқанда шамамен 58-59 млрд. теңгедей несиеде бар. Ол тоқтамайды. Ары қарай жалғасады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу