14 жастағы баланы соққыға жыққан ауыл әкімі 36 мың теңге айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

14 жастағы баланы соққыға жыққан ауыл әкімі 36 мың теңге айыппұл төлейді

27.06.2018

14 жастағы баланы соққыға жыққан ауыл әкімі 36 мың теңге айыппұл төлеп, жазадан құтылмақ. Ақмола облысы Қорғалжын ауданы ауылдық округінің әкімі болған Жанат Омаровқа сот осындай үкім шығарды. Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында экс-әкім баласымен жанжалдасып қалған 8-сынып оқушысы Диас Мұқанға қол жұмсап, денсаулығына зақым келтірген болатын. Жеткіншек ауруханада ем алып шықты. Осы оқиғадан кейін әкім қызметінен қуылды. Тағайындалған сот сараптамасы нәтижесінде Диастың денсаулығына жеңіл нұқсан келтірілгені анықталды. Іс әкімшілік құқықбұзушылық ретінде қарастырылып, оған 36 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.  

Күләш Домалақова, Ақмола облыстық сотының баспасөз хатшысы:

- Қорғалжын аудандық сотында Омаров Жанатқа қатысты әкімшілік іс қаралды. Сот қаулысымен Омаров Жанат зардап шегуші Мұқанов Диастың денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін, яғни, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73,1-бабының 1-ші бөлігімен кінәлі деп танылып, оған айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ, оған шағым келтіру үшін заңмен 10 күн мерзім белгіленген.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу